Ауданда білім саласында серпіліс көп

Қысқаша

Білім күні мерекесін Отырар ауданы ерекше салтанатпен атап өтті. Аудан әкімі Е.Айтаханов Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының «Сыңғырла күміс қоңырау» іс-шарасына қатысып, оқушыларды айтулы мерекемен құттықтады.

36.jpgБілім күні мерекесін Отырар ауданы ерекше салтанатпен атап өтті. Аудан әкімі Е.Айтаханов Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының «Сыңғырла күміс қоңырау» іс-шарасына қатысып, оқушыларды айтулы мерекемен құттықтады.

- Елбасы жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, жастардың сапалы білім алып, белгілі азамат болулары үшін барынша жағдай жасап отыр. Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді білдіремін! - деді аудан басшысы.

Өткен оқу жылында аудан бойынша 325 оқушы мемлекеттік грант иегері атанып, бұл ҰБТ-ға қатысқан оқушының 63 % пайызын құраса, Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатының 29 түлегі мемлекеттік грант иегері атанып, яғни 73 пайызбен аудан рейтингісінде көш бастап тұр. Сонымен қатар, 2017-2018 оқу жылында мектептің 1 сыныбына 44 оқушы қабылданса, биылғы оқу жылында бұл көрсеткіш 49 балаға артып, 93 оқушы мектеп табалдырығын аттады. 

Шара барысында ардагер ұстаз Абдулла Ордабаев пен аудандық мәслихат депутаты Аралбай Асан мерекеге қатысушыларды Білім күнімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мерекелік шардан соң аудан әкімі Ерлан Айтаханов мектептің 1-сынып және 11-сынып оқушыларының сабағына кіріп, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.

Айта кетсек, бүгінгі күні Отырар ауданы бойынша 1250 оқушы бірінші сынып табалдырығын аттады.