Мәңгілік ел тірегі - адал ұрпақ

Қысқаша

Білім күні мерекесі қарсаңында Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов аудан орталығындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясына болып, мектептегі «Адал ұрпақ» еріктілер клубының «Адал жол» эстафеталық марафоны аясында өтіп жатқан «Адал ұрпақ – мәңгілік

35.jpgБілім күні мерекесі қарсаңында Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов аудан орталығындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясына болып, мектептегі «Адал ұрпақ» еріктілер клубының «Адал жол» эстафеталық марафоны аясында өтіп жатқан «Адал ұрпақ – мәңгілік ел тірегі» атты ашық сабағына қатысты деп хабарлайды Отырар ауданының баспасөз қызметі. 

Мектептің белсенді оқушыларынан құралған клубтың негізгі мақсаты білім беру мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа “нөлдік төзімділік” қағидатын қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы күресті күшейту болып табылады. Қызықты та тартымды өткен ашық сабақтың басынан-аяғына дейін қатысқан аудан әкімі оқушылармен бірге сабаққа араласып, клуб мүшелерін одан әрі қызықтыратын әңгімелер айтып, алдағы жұмыстарының қандай бағытта өрбуі керектігі жөнінде тың идеяларды ортаға салды. Сондай-ақ сыбайластықтың алдын алу бойынша оқушыларға сауалдар жолдап, оқушылардың таным-түсігін арттыратын ойлы оқиғаларды сөз еткен аудан басшысы әр топ атауына берілген төрт қасиет әр адам баласының бойынан табылса сыбайластықтың қоғамнан мүлде жойылатынын тілге тиек етті. 

- Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген болатын. Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық қасиеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектепте қалыптастыру баршаның міндеті. Бүгінгі «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысына қарай отырып, басты мақсатымыздың орындалып жатқанын көруге болады, – деді аудан басшысы.

Тартымды әрі қызықты өткен сабақ барысында жас клуб мүшелері шараға арнайы келіп, оқушылармен бірге пікірлесіп, ақыл-кеңестерін айтқан аудан басшысына алғыстарын айтып, сыбайластықпен күресті өмірлік ұстаным ретінде алып, осы жолда ел игілігі үшін қызмет ететіндеріне сенім білдірді.