Шәуілдірде қант диабетіне ем шұбат өндіру ісі жолға қойылмақ

Қысқаша

Қазіргі таңда қант диабеті ауруы көпшілікті алаңдатып отыр. Статистикалық мәліметтер бойынша жер шарындағы 60 миллионнан астам адам қантты диабетімен зардап шегеді. Қалай осының алдын-алуға болады?

27.jpgҚазіргі таңда қант диабеті ауруы көпшілікті алаңдатып отыр. Статистикалық мәліметтер бойынша жер шарындағы 60 миллионнан астам адам қантты диабетімен зардап шегеді. Қалай осының алдын-алуға болады?

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов Қожа Ахмет Яссауаи атындағы ХҚТУ-нің Шымкент медицина институтының директоры Уәлихан Жұмабаев пен институттың үздіксіз білім беру бөлімінің басшысы Талғат Ормановты қабылдады. 

Кездесуде ғалымдар қант диабетіне бірден-бір ем - түйе сүтінің ақуызында емдік антиоксиданттық, иммунитетті көтеруші қасиеті бар иммуноглобулин, лактоферрин басым келетінін айтып, түйе шаруашылығы жақсы дамыған киелі Отырар ауданында «Инуллакт-Фито» диабеттік тағамға арналған азық-түлік өнімін шығаруды қолға алып жатқанын айтты. Бұл ретте ғалымдар Шілік ауылындағы «Гүлмайра» шаруақожалығының төрағасы Оразәлі Мұстафинмен өткен жылдан бері жұмыс жасап келеді. Шаруақожалық төрағасы өз иелігіндегі 125 түйеден тәулігіне 1 тонна 200 литр өнім алады. 

Ғалымдардың бұл ұсынысын құптаған аудан басшысы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, отандық фармацевтикалық препараттарды өндіруді 10%-дан 50%-ға дейін көтеру туралы атап өткенін айтып, аудан көлемінде барынша қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. 

- Біз бұған дейін Ө.Оспанов атындағы қазақ топырақтану агрохимия институтының ғалымдарымен бірлесіп аудандағы сұрланып – тұзданған жерлерге зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде шаруалар өнім көлемін молайтып, үлкен табысқа кенелді. Сіздер айтып отырған диабеттік тағамға арналған азық-түлік өнімі ауданымызда өндіріліп жатса, мұның өзі өңіріміз үшін үлкен жетістік болары сөзсіз,- деді аудан әкімі.