Түркістандық оқушыларға жағдай жасалды

Қысқаша

Инвестицияны балаға қойған абзал. Себебі, бала – жаңа өсіп келе жатқан өскін. Жаңа өскін өмірдің қиындығы төзімсіз болады. Жаңа егілген шыбық секілді. Ол тереңге тамыр жайып, діңі берік болу үшін оны жас кезінде мәпелеп өсірген жөн. Сонда ғана ол сапалы ж

25.jpgИнвестицияны балаға қойған абзал. Себебі, бала – жаңа өсіп келе жатқан өскін. Жаңа өскін өмірдің қиындығы төзімсіз болады. Жаңа егілген шыбық секілді. Ол тереңге тамыр жайып, діңі берік болу үшін оны жас кезінде мәпелеп өсірген жөн. Сонда ғана ол сапалы жеміс береді.

Талды қалай күтіп-бастасаңыз, балаға да сондай қамқорлық керек екені белгілі. Түркістандық балалар аялы алақаннан құрқол емес. Балаң мектеп оқушыларына әкімдік тарапынан көптеген қолдау көрсетілуде. Мысалы, Конституция күні мерекесіне орай Түркістан облысында  білім ұяларына автобус берілді. Көліктің кілтін мектеп басшыларына салтанатты түрде тапсырған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев білім сапасын көтеру жөнінде тапсырма жүктеді. 

Бұл автобустар шалғай елді мекенде тұратын оқушыларды мектептерге тасымалдау мақсатында сатып алынған. Атап айтсақ, Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Үшқайық ауылдық округіндегі С.Қожанов мектебінде 120 бала тасымалданады. Сондай-ақ Бабай-Қорған жалпы орта мектебі мен Түркістандағы жас туристер станциясына да жаңа автобустар берілді. Зауыттан биыл шығарылған ПАЗ-32054 маркалы  автобустарына жергілікті бюджеттен 34 млн.50 мың теңге қарастырылған. Енді бұл автобустар оқушыларға қызмет етеді. Оқушылар ешқандай қиындықсыз мектепке барып, алаңсыз білім алатын болады.