Төртеу түгел болса төбедегі келеді

Қысқаша

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұңғыш рет Түркістан облысы, Жетісай қаласында «Қауын - fest» фестивалі өтті.

5.jpegБүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұңғыш рет Түркістан облысы, Жетісай қаласында «Қауын - fest» фестивалі өтті. 

Түркістан облысы әкімдігінің тікелей бастамасымен өткен шараға облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қатысып, еңбекшілердің еңсесін көтеруге бағытталған фестиваль өңірдің ауыл шаруашылығы саласының потенциялын көрсететін бірден-бір шара екендігіне тоқталды.

Аймақтың климаттық ерекшелігі ескере отырып ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтіп, фестивальге қатысушылар тамаша әсерге бөленді. Өңірдегі ішкі туризмді дамытып, бақша дақылдарынан өндірілетін өнім түрлерін терең өңдеу арқылы кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру, дихандардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, бақша өнімдеріне сұранысты жоғарылату арқылы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында өткен шараға Отырар аудан әкімі Ерлан Айтаханов бастаған делегация қатысты.

Кең ауқымда өткен «Қауын - fest» шарасына Отырар аудан еңбеккерлері арнайы шатыр құрып, 10 тоннаға жуық қауынның әміре, жиенбай, абновод және қарбыздың ала қарбыз, қара қарбыз сорттары мен 3 тонна «Маяқұм» шұбатын жәрмеңкеге ұсынды.

Сонымен қатар, шарада аудан өнерпаздары «Қазақ вальсінің королі», аты аңызға айналған Шәмші Қалдаяқовтың әндерін нақышына келтіре орындап, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Осылайша, Отырар ауданы жаңадан құрылған облыстың іс-шарасында белсенділік танытып, өңірдік экономикалық-әлеуметтік дамуына өз үлестерін қосты. Осы жерде «төртеу түгел болса – төбедегі келеді» сөзі еске түседі. Түркістан облысың бүкіл ауданы бес саусақтай жұмылып, белсенділік танытса Түркістан облысы қысқа мерзім ішінде әлеуетті облысқа айналады.