Тұрғындар кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтандырылады

Қысқаша

Интернетке әдетте қала тұрғындарының қолы жетімді.

4.jpgИнтернетке әдетте қала тұрғындарының қолы жетімді. Төрт жолақты интернеттен бес жлоақтысына ауысып жатырмыз. Демек, ғаламторға жалғанудың сапасы бұрынғыдан да жақсара түседі деген сөз. Сол интернет арқылы алынатын ақпараттың сенімсіздігі тұрғындар арасында түрлі жағдай тудырып жатыр.

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Бадам 1 тұрғын алабында, №105 Мухими атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында ауыл тұрғындары және мешіт имамдарымен "Шымкент қаласы тұрғындарын кереғар діни ағымдар ықпалынан сақтандыру" атты тақырып аясында жалпы кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің дінтанушы, теолог маманы Рысбеков Кенжебек баяндама жасады. Ол теріс діни ағымдардың біздің мазхабымыз ұстанатын жолдан басқа жаққа бұратындар айналасындағыларды кереғар жаққа тартып кетіп жатқаны туралы айтып берді. Сосын, жамағат арасында ата-баба дәстүрінен алыстаған пікірі бар азаматтар пайда болып жатыр.

Кездесу соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға кеңінен жауап берілді.