Қала экономикасын дамытудың драйвері

Қысқаша

Қала экономикасын дамытудың драйвері

Screenshot_3.jpg

Ресми дерек бойынша Шымкенттегі индустриалды аймақтарға былтыр жалпы саны 25,6 млрд. инвестиция тартылған. Қомақты қаражатқа 9 өндіріс орны бой көтеріп, 431 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен бірге жобаларға тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, өзекті мәселелері анықталып, мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков индустриалды аймақтардағы кәсіпорындардың кең қанат жаюы қала экономикасының дамуына зор үлес қосуда. Шын мәнінде индустриалды және арнайы экономикалық аймақтар қала экономикасын өрге сүйреуші негізгі драйвер болып саналады. Себебі, өндірістік аймақтарда өнімдер өндіріліп, сол шығарылған тауардан түскен пайда мегаполистің бюджетіне салықтық түсімдер әкеледі. Соның нәтижесінде қаланың экономикасы тұрақталып, халықтың жұмысқа орналасуы арқылы әлеуметтік мәселесі шешімін табады.

Айта кету керек Мемлкет басшысы Қ.Тоқаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сегізінші съезінде кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі, тиімділігі мен өнімділігінде сапалы өзгерістерді ынталандыруға баса назар аудару қажеттігін айтқан болатын.

«Тек осылай ғана біз өңірде және өзіміздің ішкі нарықта бәсекеге қабілетті бола аламыз. Үкімет «Атамекенмен» бірлесіп, бизнесті тікелей, шын мәнісінде бағытсыз қолдау мен субсидиялаудан неғұрлым нарықтық құралдар мен тәсілдерге көшуді көздейтін шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеуі керек. Осы жылдың соңына дейін шағын және орта бизнесті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдауды тапсырамын» деді Президент.

Бұл орайда шымкенттік кәсіпкерлерге барлық мүмкіндік қарастырылған. Бүгінде индустриалды аймақтарда кәсіпорындарға үлкен жеңілдіктер жасалуда. Мәселен дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер уческелері ұсынылады. Бизнес өкіліне жобасын жүзеге асыру үшін нағыз керегі осы жер телімі. Сондай-ақ жоғарыда айтылғандай жер учаскелеріне мемлекет тарапынан инженерлік жүйелерге қосылу нүктелері тартылған.