Съезде бизнесті тексеруге жарияланған мораторийді алып тастау мәселелері талқыланды

Қысқаша

Съезде бизнесті тексеруге жарияланған мораторийді алып тастау мәселелері талқыланды

Screenshot_2.jpg

Онлайн-форум түрінде өткен «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сегізінші съезіне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және оның орынбасарлары мен жетекші сала басшылары да делегат болып қатысты. Сьезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі шағын және орта бизнес үлесін арттыру мен кәсіпкерлерді қолдау үшін Үкімет пен мемлекеттік органдар, Ұлттық палатаға алты нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлер палатасы құрылған күннен бастап Үкіметтің сенімді серіктесіне айналғанын атап өтті.

– Бес жыл бұрын ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 24 пайыз болатын. Қазір 32 пайызға жетті. Бұл салада 3,5 миллион адам жұмыс істейді. Мұның бәрі – Үкімет пен «Атамекеннің» бірлескен тиімді жұмысының нәтижесі, – деді Президент.

Сегіз айдың қорытындысы бойынша ел экономикасы 3 пайызға өскенін атап өткен Мемлкет басшысы бизнеске қолдау көрсетуді жалғасатын айтты.

«Бірінші, елімізге жаңа реттеу саясаты қажет. Менің тапсырмам бойынша Парламент Мәжілісіне «таза парақтан» реттеуді енгізу бойынша заң жобасы жіберілді. Негізгі жаңашылдық «one in two out» приниципі болмақ, яғни екі ескі талап жойылып, орнына жаңа бір талап енгізіледі. Заң 2021 жылдың аяғына дейін қабылдануы керек. Заңға тәуелді барлық базаны 2023 жылдан бастап эко-қағидатты енгізуге дайындау керек. Бұл жұмысты Үкіметке Ұлттық палатамен тығыз ынтымақтастықта дайындауды сұраймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кету керек, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес қауымдастықтың бірқатар проблемасын жыл сайын сьезде талқылауды дәстүрге айналдырған. Биылғы съезде ауыл шаруашылығы саласына қаржыланың аз бөлінуі, шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторийді алып тастау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қайта өңдеу үшін алынатын төлем, аяқ киім, дәрілік заттар, жеңіл өнеркәсіп тауарларын және сүт өнімдерін таңбалау, яғни таңбалаудың проблемасы көтерілді.