Шардаралық ардагерлер Түркістанды тамашалады

Қысқаша

Шардаралық ардагерлер Түркістанды тамашалады

6.jpg

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Еліңді құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» – деп атап көрсеткен болатын. Елдің болашағы үшін барын салып аянбай еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетіп, оларды ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың борышы.

Түркістан облысы әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен әр түрлі салада қызмет еткен 30-дан астам ардагерлер түрленіп келе жатқан Түркістан қаласын тамашалады.

Ардагерлерді аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев шығарып салып, киелі шаһарға аман-есен барып қайтуларын тіледі.

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қариялар ең алғашқы зияратын Арыстанбаб кесенесінен бастап, Отырар қалашығын, Керуен сарайын, Ясауи кесенесін, Фараби кітапханасын, Алатау медиа орталығын, облыс әкімдігін, Конгресс холл және басқа да Түркістан шаһарынан жаңадан бой көтерген нысандарды аралады.

Ардагерлеріміз түрленіп түлеген Түркістан қаласының бүгінгі келбетін таңдана да тамсана тамашалады. Сондай-ақ, саяхаттан аудан ардагерлері рухани серпіліп қайтты. 

Түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесін ресми түрде алған Түркістан күн санап көркейіп келеді. Киелі қаланың келбетін тамашалау үшін ардагерлердің сапарын ұйымдастыру қазір Түркістан облысының өзге аудан, қалаларында да жалғасып жатыр.