Мереке күні 20 нәресте дүниеге келді

Қысқаша

Мереке күні 20 нәресте дүниеге келді

22.jpg

7 мамыр - Отан Қорғаушылар мерекесінде Сайрам аудандық орталық ауруханасының перзентханасында 20 нәресте дүниеге келді. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бір жағдайда босану хирургиялық араласу көмегімен жүзеге асырылды. Дүниеге 11 ұл бала және 9 қыз бала келді. Барлық ана мен нәрестелер қанағаттанарлық жағдайда.

Мереке күндерінде кезекші ауысымда күнделікті тәжірибеде жоғары сапалы медициналық қызметтер көрсететін, қауіпсіз аналық қағидаттарына сәйкес нәресте мен анаға дұрыс күтім жасайтын жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыстарын атқарды. Айта кетсек Ақсукент орталық ауруханасында насос жөнделіп, сужүйелеріне сумен толық қамтылды.

Ал 7 мамыр -Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күніне орай Қарабұлақ ауылдық округінде  үлкен іс-шара өтті. Мерекелі жиынға Ұлы Отан соғысы ардагерлері Абишев Халнияз ата және Анартаев Ахмаджан аталар, Ауған соғысы әрдегерлері, Семей полигоны зардабын жоюға қатысқан азаматтар, Чернобиль АЭС-те болған апаттың қатысушылары қонақ болды. Дәстүрге орай қонақтар ең алдымен "Ардагерлер саябағына" гүл шоқтарын қойып, өткендердің рухына дұға бағыштады. Әрі қарай қонақтар ауыл мәдениет үйіне жол тартты. Өткенді еске алып, сұрапыл соғыстың қасіретін көрген аталарымыз қазіргі бейбіт өмірдің қадіріне жету керектігін айтты. Тәуелсіздігіміз үшін майданда қан кешкен аталарымыз, ағаларымыз және ауылдың ақ жаулықты аналары үшін ауыл жастары және өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды.