Араздасып көршісінің көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды

Қысқаша

Түркістан облысында бөтенннің мүлкін заңсыз иемдену арқылы құқық бұзушылықтарды болд

039.jpg

Түркістан облысында бөтенннің мүлкін заңсыз иемдену арқылы құқық бұзушылықтарды болдырмау туралы өңір басшылығының тапсырмасын тәртіп сақшылары атқарып келеді. Сондай оқиғаның бірі – Түлкібас ауданында кикілжіңнің кесірінен көршісінің көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды.

Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өзінің арызында Ауди-80 маркалы автокөлігін, көршісінің баласы рұқсатсыз айдап кетіп, қайтармағанын жазып көрсетеді. Осы жайт ҚР ҚК-нің 200-бабы "Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бойынша тіркелді.
Аталған іс бойынша полиция қызметкерлері оқиға орын алған жерге барып, тез арада іздестіру жұмыстарын бастайды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары бірер сағаттың ішінде көлікті рұқсатсыз айдап кеткен күдіктіні ізін суытпай тапты.
Тергеу барысында көліктің иесі мен оның көршісінің арасында кикілжіңнің жиі туындайтыны және соның салдарынан сөзге келіп қалған көршінің баласы екінші көршінің көлігін әдейілеп айдап кеткені белгілі болды.
Бүгінгі таңда көлікті айдап кеткен күдікті жас жігіт өз кінәсін толық мойындады. Ұсталған азамат бас шарасы қолхатта. Ол бұрын соңды сотты болмаған жергілікті тұрғын.

    A+
Уақыты: 2020-08-23  Айдарша: Құқық
TAG: