Ұрлық жасап, көлік айдап кеткен күдікті ұсталды

Қысқаша

Түркістан облысы әкімінің қылмыстың ізін суытпай ашу туралы тапсырмасын тәртіп сақшыл

014.jpg

Түркістан облысы әкімінің қылмыстың ізін суытпай ашу туралы тапсырмасын тәртіп сақшылары кезекті рет тиісті деңгейде жүзеге асырды. Түркістан қалалық құқық қорғау органдарының қызметкерлері бір көлікті тонап, екінші көлікті заңсыз айдап кеткен күдіктіні тез арада ұстады.

Қалалық ПБ кезекші бөлімінің 102 пультіне жақын орналасқан ауылдардың бірінің тұрғыны, белгісіз тұлға оның "Нексия" автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама түсіреді. Оқиға орнына тез арада жедел-тергеу тобы шығып, автокөлікті айдап кеткен күдіктіні іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары ауыл аймағын аралап, куәгерлерден жауап алып, сондай-ақ патрульдік полиция мен басқа да полиция бөлімшелеріне автокөлікті іздеуге бағыттама жіберді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістандық полицейлер "ізін суытпай" көлікті айдап әкеткен тұрғынды ұстады. Ол бұрын тонау үшін сотты болған Кентау қаласының тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері ұрланған көлікті айғақты зат ретінде тәркілеп алды.

Сонымен қатар тергеумен анықталғандай, ер адам көлікті айдап кетпес бұрын, яғни 10-20 минут алдын басқа автокөлікке ұрлыққа түсіп үлгерген. Мұнда "ВАЗ" салонынан әмиян мен құны 10 мың теңге тұратын автоколонканы жымқырған.
Қазіргі уақытта аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" және 200-бабы "Автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне көліктерін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ, автокөліктердің есіктері мен терезелерін ұзақ уақыт ашық тастамаңыз. Автокөлікті күзетілетін тұрақтарға қойып, оларды күзет дабылымен жарақтандырыңыз. Егер сіз, автокөлік ұрлығының немесе басқа да қылмыстардың құрбаны не куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 телефонына хабарласыңыз.

    A+
Уақыты: 2020-08-19  Айдарша: Құқық
TAG: