Той жасап жауапқа тартылды

Қысқаша

Түркістан облысы әкімінің карантин талаптарын сақтау туралы тапсырмасын күшейтуді тә

той.jpg

Түркістан облысы әкімінің карантин талаптарын сақтау туралы тапсырмасын күшейтуді тәртіп сақшылары жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Тұрғындарға құқықтарын түсіндіру және облыстың бас санитар-дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптардың орындалуын тексеру мақсатында ұйымдастырған рейд барысында полицейлер ережеге бағынбай той жасаған тұрғынды анықтады.

Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері күнделікті аудан көлемінде карантин талаптарының сақталуы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, қажетті шараларды іске асыруда. Одан бөлек полицейлер әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізіп отырады. Осындай кезекті жұмыс күнінде тәртіп сақшылары «Инстаграм» парақшаларының бірінен келін түсіріп, той тойлап, отшашу атқан бейнежазбаны анықтады.

Осы жайт бойынша Сарыағаш АПБ-нің полицейлері және Сарыағаш ауданының жергілікті органдарынан құрылған мобильді топ қызметкерлері оқиға орнына шығып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бейнежазба Сарыағаш қаласында түсірілгені анықталып, той иесіне Тауарлармен көрсетілетін қызмет сапасына бақылау басқармасының қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Түркістан облысы полицейлері облыс тұрғындарына елімізде енгізілген карантин талаптарын сақтап, өз өміріңіз бен денсаулығыңызға аса жауапкершілікпен қарауға шақырады. Коронавирус індетінің алдын алу, таралуын тоқтату үшін бірінші кезекте көп адамдар тобы болып шоғырланбау керектігін естен шығармаңыздар.

    A+
Уақыты: 2020-07-20  Айдарша: Құқық
TAG: