Пайдаланылмаған жайылымдықтар қайтарылуда

Қысқаша

Пайдаланылмаған жайылымдықтар қайтарылуда



Сайрам ауданы облыс көлемінде жері аз, халқы тығыз орналасқан аудан. Ауданның жалпы жер қоры 114761 га болса, оның ішінде жайылымдық жер көлемі 24 525 га құрайды.

image.png

Сайрамдықтардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Жер көлемінің аздығына қарамай ет және сүт өнімдерін өндіруде аудан облыс көлемінде үздіктер көшінің басында тұр.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылдың 26 қаңтардағы Үкімет отырысының кеңейтілген мәжілісінде «Жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді қайтару» жөніндегі тапсырмасы және Сайрам аудандық прокуратурасының 2021 жылдың ақпанындағы заң бұзушылықты жою туралы ұсынысына сәйкес, аудан аумағындағы нысаналы мақсатта пайдаланбай жатқан 2775,6405 га жайылымдық алқаптар мемлекет меншігіне қайтарылып, бақылаудан алынбаған.

Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарын бірінші кезекте жайылыммен қамту мақсатында жайылымдық жерлерді конкурс негізінде қайта табыстау тоқтатылды, мемлекетке қайтарылған. Сондай-ақ, елді мекендер маңындағы басқа да мемлекет меншігіндегі жайылымдық алқаптарды жалпыға ортақ пайдаланатын мал жайылымы үшін ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемелеріне тұрақты пайдалануға табысталуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.