«Су шықпайды» деген жерге егін егіп, өнім алуда

Қысқаша

«Су шықпайды» деген жерге егін егіп, өнім алуда



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жолдаған Жолдауында кәсіпкерлікті дамыту керектігін баса айтқан болатын. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоғары жейгейде жүзеге асып жатыр. Әсіресе, әрбір өқңірде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысушылар кқбейіп, мол табысқа кенеліп отыр. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын қолға алып, бақша өнімін өндірушілерде көьейіп келеді.

image.png

Келес ауданында «Н.Нұрсұлтан.Ә» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі «ағын су шықпайды» деп топшыланған 26 гектар қырлы жерге жер асты ыза суы арқылы егін суарып, өнімін алуда. Егіннің бидай, қарбыз, картоп, құлпынай, қияр сынды өнімдерін еккен шаруа Ұшқын ауылдық округіндегі «су шықпайды» деген жерін игеріп, өз мақсатында ұтымды пайдалануда екен.

- «Көрші елмен шекара аумағындағы бейтарап аймақтан Бозсу каналы ағып өтеді. Соны ескере келе жер асты ыза суын жинайтын арнайы бассейн қаздырдық. Мұнда жиналған су матор яғни, қозғалтқыш арқылы алқапқа жіберіледі. Алқаптан ағып түскен ақаба да, жерге сіңген су да қайта осында келіп құяды. Одан бөлек, жаңбырлатып суару әдісінде қолға алып, заманауи технологияларды барынша енгізуге әрекет жасап жатырмыз» - дейді шаруақожалық иесі Тұрлыбай Жоланов.

Осылайша ағын суды үнемдеудің ерекше тәсілін тапқан ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтің диқандары еккен егінін қалай суарам деп алаңдамай отыр.