Теңдесі жоқ тәжірибе станциясын салу жоспарлануда

Қысқаша

Теңдесі жоқ тәжірибе станциясын салу жоспарлануда



«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аса ауқымды, нақты жоспарланған және қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы. Сонымен қатар, бұл бағдарлама халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл бағытта аудан көлемінде ауқымды істер атқарылуда.

image.png

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев «Nur Otan» партиясының жол картасы аясында 2025 жылға дейін аудандағы қарапайым жылы-жайлардан заманауи өнеркәсіптік жылыжай көлемін ұлғайту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Риик Зван Оңтүстік» ЖШС-нің жылыжай және тәжірибе станциясына арнайы барып, құрылыс жұмыстарының жағдайымен танысып қайтты.

Голландия селекциялық компаниясының және «Риик Зван Оңтүстік» ЖШС-нің инвестициясымен жалпы көлемі 4 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай және тәжірибе станциясы салынуда. Жобаның негізгі мақсаты – егін шаруашылығы саласында студенттер мен фермерлердің тәжірибе алмасу орталығы және жер анализін жасау зертханасын құру болып табылады. Ағымдағы жылдың соңында құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл аумақта 20 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілетін болады.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таппақ.