Құқық бұзғандар анықталды

Қысқаша

Шымкентте жыл басынан бері бірқатар тәртіп бұзушылықтар мен құқық бұзушылық анықталды. Соның бірі көлік тізгіндіген жүргізушілер жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеген 796 іс тіркелді. Сондай-ақ қалада абаттандыру ережесін бұзған тұрғындарға да әкі

Screenshot_7.png

Шымкентте жыл басынан бері бірқатар тәртіп бұзушылықтар мен құқық бұзушылық анықталды. Соның бірі көлік тізгіндіген жүргізушілер жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеген 796 іс тіркелді. Сондай-ақ қалада абаттандыру ережесін бұзған тұрғындарға да әкімшілік шара қолданылды.

Шымкентте жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеген 800-ге жуық құқық бұзушы анықталды. Осы ретте құқық бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодексінің 600-бабы Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінде Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында ұдайы түрде жұмыс атқаруда.

Сондай-ақ  қала аумағында ағымдағы жылдың 16-22-тамыз аралығында автокөлік құралдарын ұрлау мен айдап әкетуге қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған «Автокөлік» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, гараж кооперативтерінде, жеке автошеберханаларда, автотұрақтарда, автокөлік базарларында ұрланған автокөлік пен қосалқы бөлшектерді анықтау бойынша тексерулер ұйымдастырады. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары өз көліктерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін көлік құралдарының иелері арасында алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда іс шараның үш күндік қорытындысы бойынша автокөлік ұрлаудың 12 жайты анықталды.


    A+
Уақыты: 2021-08-20  Айдарша: Өңір
TAG: