400 бала тегін үйірмеге қатысатын болды

Қысқаша

Жаңа жүйемен жұмыс жасайтын орталықтардың бірі - ЖК «Паттеев». Осында 400 бала шығармашылық тапсырыс аясында тегін үйірмеге қатысуға мүмкіндік алды.

Screenshot_5.png

Мемлекет басшысының балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және спорт тапсырысының жан басына қаржыландыру бойынша берген тапсырмасының негізінде Шымкент қаласында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Осы бағыттағы жұмыстардың барысымен танысу мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов шығармашылық тапсырысты жан басына қаржыландыру жобасына қатысып отырған ЖК «Макашев» үйірмесіне барды. Аталған шығармашылық үйірме Қаратау ауданына қарасты «Нұртас» шағын ауданында орналасқан. Бұл үйірмеге бүгінде ұлттық би мен халық биі бойынша жалпы 100 өтінім келіп түскен.Қала әкімі бұл жаңашылдық балаларға кез келген үйірмеге баруына қолжетімді ететінін атап өтті. Ең бастысы ата-аналарға қаржылық жағынан ауыртпалық түспейді. Енді бұл төлемақы мемлекет қазынасынан бөлінетінін жеткізді.  

Мемлекет басшысы өз Жолдауында балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударды. Осы ретте биыл елімізде 1 мамырдан бастап шығармашылық тапсырыс бойынша жаңа стратегиялық шаралар қабылданды. Яғни, осыған дейін ақылы үйірмелер мен секцияларға барған балалар енді тегін қатыса алады.  Жаңа жүйемен жұмыс жасайтын орталықтардың бірі - ЖК «Паттеев». Осында 400 бала шығармашылық тапсырыс аясында тегін үйірмеге қатысуға мүмкіндік алды. Оның ішінде 200 бала деректі және ойын көркем киносына, ал 200 бала  актерлық өнер бойынша үйірмеге қатысады. Үйірме «Шығыс» шағын ауданы 28 үйде орналасқан. Бұл жобаға қатысу үшін бизнес өкілдері Artsport.edu.kz сайтында өтінім қалдырады. Ал, ата-аналар жүйеге кіріп, керекті орталыққа балаларын жаза алады.


 


    A+
Уақыты: 2021-08-20  Айдарша: Өңір
TAG: