Қоғамдық көліктерге рейд жүргізілді

Қысқаша

Қоғамдық көліктерге рейд жүргізілді

10.jpg

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында карантиндік талаптарға сәйкес және  аудан әкімі Ержігіт Шәріпбековтің мобилді топтарға берген тапсырмасына байланысты аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, аудандық кәсіпкерлік бөлімдері мен аудандық кірістер басқармасы, аудандық полиция және Шаян ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері  аудан орталығы Шаян ауылындағы жеке қоғамдық көліктерге рейдтік шара ұйымдастырды. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірлескен рейд барысындағы қоғамдық көлік иелеріне карантиндік талаптарды сақтау мен бағаны тұрақтандыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Заңсыз тасымалдаумен айналысып жүрген қоғамдық көлік иелеріне тиісті құжаттарын рәсімдеу үшін ескерту берілді. Мерзімінде құжаттарын рәсімдемеген көлік иелеріне бір аптаның көлемінде айыппұл салынатыны ескертілді.

Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуды, кемшіліктерді анықтап, оларды жоюға ықпал етуді мақсат тұтатын рейдтік шара тұрақты түрде жүргізілетін болады. 

Айта кетері, соңғы уақытта елімізде коронавирустық инфекцияға қатысты эпидемиологиялық жағдай күрделенді. Осыған байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Карантин талаптарын сақтау, тәртіпке бағыну барша азаматтың міндеті болып табылады.   



    A+
Уақыты: 2021-07-29  Айдарша: Өңір
TAG: