Шаһар көшелері жап-жарық

Қысқаша

Айта кетсек, бүгінде үшінші мегаполисте мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасының аясы кеңейіп келеді. Аталған жобаның арқасында қалада спорт алаңшасы, мектеп секілді қоғамдық нысандардың саны да артып отыр.

Screenshot_5.png

Жарықшамдар түнгі қалаға әсемдік қана беріп қоймайды. Шамдардың негізгі міндеті - түнгі қаланы қауіпсіз ету, тұрғындарға жайлы жағдай жасау. 

Осы ретте Шымкент қаласының көшелерін түнгі жарықшамдармен қаматамасыз ету мақсатында «Шымкент қаласының жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта мегаполистегі орталық маңызы бар 747 көшенің 228-і жарықтандырылған.

Бұл көрсеткішті одан әрі арттыру үшін осы жылдың мамыр айынан бастап мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында жұмыстар қолға алынған болатын. Бүгінгі күнге дейін мердігер мекеме «ABM Building»  ЖШС тарапынан 42 көшеге жарықшамдар орнатылды. 

Салаға жауапты мамандардың айтуынша Шымкентте мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 2021-2023 жыл аралығында 312 көше жарықтандырылатын болады. Нақтылап айтсақ, Абай ауданында 86 көше, Әл-Фараби ауданы 45 көше, Еңбекші ауданы 92 көше, Қаратау ауданы 101 көшеге жарықшамдар қойылады. Заманауи жарықшамдар шаһарға көрік беріп, әрі қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. 

Айта кетсек,  бүгінде үшінші мегаполисте  мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасының аясы кеңейіп келеді. Аталған жобаның арқасында қалада спорт алаңшасы, мектеп секілді қоғамдық нысандардың саны да артып отыр. 


    A+
Уақыты: 2021-07-31  Айдарша: Өңір
TAG: