Сайрамдықтар ауыз судан тапшылық көрмейді

Қысқаша

Сайрамдықтар ауыз судан тапшылық көрмейді

Су тіршілік - көзі. Тіршіліктің басты қайнар көзі болып саналатын су мәселесі қай қоғамда болсын кезігері сөзсіз. Сол себепті, ауыз су мәселесін өз кезегімен шешімін тапқаны жөн. 

image.png

Осы орайда,  Сайрам ауданы, Манкент ауылындағы Әбдіқадыров және Ибн Сина көшелері тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамту мақсатында қосымша пайдалануға енгізу үшін жоспарланған су ұңғымасы 120 метр тереңдікте қазылды.

Бүгінгі таңда ауыз суды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Су ұңғымасы ағымдағы жылдың 16 шілдесінде іске қосылады. Нәтижесінде аталған көшелерде орналасқан 700 тұтынушы тұрақты ауыз сумен қамтылмақ.

Ендігі кезекте, сайрамдықтар ауыз судан ешбір тапшылық көрмейді.