Шымкентте ылғалды майлық шығарылады

Қысқаша

Басты мақсаттарының бірі Орталық Азиядағы өнімдер нарығын жаулап алу және Қазақстанның ең жақсы және бәсекеге қабілетті кәсіпорындарының бірі болу дейді.

Screenshot_8.png

"Шымкентте бәрі бар". Ел аузында жиі айтылатын бұл сөздің жаны бар. Әсіресе үшінші мегаполисте өндірістік орындар көбейіп, тұрмысқа қажетті тауарлардың сан түрі шығарылуда. Солардың бірі 1997 жылы құрылған «Билал» өндірістік кооперативі бүгінде тарихы терең, серіктестерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан компания. Алғашында гигиеналық құралдардың түрлерін шығара бастаған кәсіпорын қазір жұмсақ лосьоны бар әмбебап ылғалды майлықтар шығарумен айналысады.   «Luna Fresh» сауда таңбасымен сатылымға шығарылған ылғалды майлықтары теріні тазартады және сергітеді. Бұл қолдың, бет пен дененің терісіне күнделікті күтім жасау үшін өте қолайлы. Майлықтар антибактериалды лосьонмен сіңдірілген жұмсақ сырғымайтын материалдан жасалған. Компания бір реттік  майлықтарды - 15, 25, 72 және 120 данадан тұратын пакеттерді дайындады. Дайын өнімдер дәріханаларда, емханаларда және қарапайым дүкендерде сатылады.

- Қазіргі уақытта компанияда 30-дан аса жұмысшы бар. Олардың әрқайсысы біздің компанияның дамуы үшін барын салады. Өнімдердің сапасын үнемі бақылап отырамыз және клиенттерімізге жоғары сапаға 100% кепілдік береміз, - дейді компания басшысы Гаджи Гаджиев.

Мекеме «Бизнестің  жол  картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы төмен пайызбен айналым қаражатын толықтыруға және жабдықты сатып алуға несие алады. Бүгінгі күні компания дизайны басқа қосымша өнімдерді шығаруды жоспарлап отыр. 

Басты мақсаттарының бірі Орталық Азиядағы өнімдер нарығын жаулап алу және Қазақстанның ең жақсы және бәсекеге қабілетті кәсіпорындарының бірі болу дейді.


    A+
Уақыты: 2021-07-26  Айдарша: Өңір
TAG: