Түркістанның өз теннис орталығы мен мұз айдыны болады

Қысқаша

Түркістанның өз теннис орталығы мен мұз айдыны болады

Түркістан қаласындағы теннис орталығы салынып жатыр. Сәуір айында құрылысы басталған орталық келер жылы ашылады. Жоба мақсаты - жоғары дәрежелі спортшыларды дайындап, теннисті дамыту. 4 гектар жерде орналасқан кешеннің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.

image.png

Облыс әкімінің тікелей бақылауымен облыс орталығында мұз айдынының құрылысы салынуда. 2 гектар жерде орналасқан әлемдік стандарттарға сай мұз айдыны 1200 адамға есептелген. Заманауи кешен 2022 жылдың соңында ел игілігіне беріледі.

Сондай-ақ, «TURAN» футбол академиясының құрылысы жүруде. 20 гектар жерде құрылысы басталған футбол академиясының инфрақұрылымы әлемдік стандарттарға сәйкес келеді және мұнда спортшыларға Еуропаның үздік клубтарына сәйкес жағдай жасалады.

Жаңа кешенде еуропалық стандартқа сәйкес келетін 11 үлкен және шағын футбол алаңы, жасанды жабын, толық суару және дренаж жүйесі бар. Допинг-бақылау кабинеттері, 300 орындық қонақ үй, спортшыларға арналған монша, 3 мейрамхана, 4 конференц зал, медициналық, массаж кабинеттері, кір жууға арналған жеке блок және ас үймен жабдықталған. Жаттығу залы барлық топтарға арналған жабдықтармен жабдықталған. Футбол академиясының аумағы абаттандырылып, күрделі суару жүйесі жүргізіледі.