«Дамумен» дамыған «Цветлит»

Қысқаша

Бүгінде зауытта 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылып отыр. Олардың дені жергілікті және қала тұрғындары. Зауыт басшысы қызметкерлерге барлық жағдайды жасаған. Жоғары жалақы, уақытылы үйлеріне жеткізу қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын одан сайын ашатын

Screenshot_4.png

Елімізде кәсіпкерліктің өркендеуіне жол ашып отырған бірнеше мемлекеттік бағдарлама бар. Солардың бірі  «Даму» қорының кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы. Аталмыш бағдарлама аясында үшінші мегаполисте жұмысын бастаған кәсіпорын жетерлік. Мәселен  2014 жылы ашылған еліміздегі ең ірі алюминді сым илемдерін өндіретін «Цветлит» зауыты. Бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан  өндіріс ошағының жұмысы қарқынды.

«Цветлит» ЖШС – энергетикалық сымдар мен кабельдерді өндіру бойынша заманауи, инновациялық, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Зауыт  «Даму» қорының кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы көмегімен 6% субсидияланған несие алып, құрылысын бастаған.  2015 жылы алғашқы  өнімін шығарды. Жылдық қуаттылығы 36 мың тонна. 950 млн инвестиция көлемімен бастау алған кәсіпорын, бүгінде құнын 1.5 млрд теңгеге жеткізген.

«Алдағы уақытта өндірісімізді кеңейтуге шаралар қолданып жатырмыз. Наурыз айында балған құрылыс аяқталып, 2-3 күнде жаңа линияны қосамыз»,- дейді зауыт басшысы Бекжан Айткұлов.

Аталмыш кәсіпорын алюминий сымдары мен қорытпаларын шығарумен айналысады. Мұндағы шикізаттар отандық өнім. Мәселен, қорытпалар арнайы Павлодар қаласынан жеткізіледі. Толықтай Италияның технологияларымен жабдықталған өндіріс ошағының 3 түрлі өнімі бар. Өнімінің 80%-ы Қазақстанды, ал 20%-ы шет елді алюминий өнімдерімен  қамтамасыз етеді.  Атап айтсақ, Оңтүстіктен кабель, трансформатор өндіретін және Теміртау металлург зауытынан сұраныс жоғары.

Бүгінде зауытта 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылып отыр. Олардың дені жергілікті және қала тұрғындары. Зауыт басшысы қызметкерлерге барлық жағдайды жасаған.  Жоғары жалақы, уақытылы үйлеріне жеткізу қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын одан сайын ашатын көрінеді.


    A+
Уақыты: 2021-07-03  Айдарша: Өңір
TAG: