Шымкентте үйлі болуға мүмкіндік көп

Қысқаша

Арендалық тұрғын үйлер белгіленген тәртіппен кезек арқылы көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және жұмыс істейтін жастарға қарастырылған. Ал бюджеттік ұйым қызметкерлеріне «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясын

Screenshot_8.png

Шымкентте баспанаға деген сұраныс жоғары. Себебі үшінші мегаполисте халық саны жыл сайын артып келеді. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету үшін елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар қолға алынған. Бұл жобалар Шымқалада да сәтті жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 44 850 азамат тіркелген. Жоспарға сәйкес, биыл 976 азаматты сатып алу құқығынсыз арендалық пәтермен қамтамасыз ету көзделіп, бес айдың қорытындысы бойынша 608 азамат тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде 300 жалдамалы баспана жұмыс істеп жүрген жастарға, 18 пәтер жетім балаларға, 148 пәтер көпбалалы отбасыларға, 142 пәтер  халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына қолданысқа берілді. Қалған 368 пәтер тұрғын үйлердің  құрылысы аяқталып тапсырылуына қарай үлестірілетін болады.

Арендалық тұрғын үйлер белгіленген тәртіппен кезек арқылы көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және жұмыс істейтін жастарға қарастырылған. Ал бюджеттік ұйым қызметкерлеріне «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында несиелік бағдарламалар ұсынылуда. Биыл тіпті мұқтаж азаматтарға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде әр азаматқа 1 миллион теңгеден берілетін тұрғын үй сертификаттарына жалпы 500 млн теңге қарастырылып отыр.

Сонымен қатар, бұл жылы пайдалануға берілетін кредиттік тұрғын үйлер саны – 60  (3 824  пәтер). Оларды«Шаңырақ 5-10-20» бағыты бойынша 1728 пәтер; «5-20-25» бағыты бойынша 1088 пәтер; «7-20-25» бағыты бойынша 1008 пәтер.  «2-10-20 Бақытты отбасы» бағыты бойынша өңірлер шеңберінде бөлінген лимитке сәйкес 589 азамат екінші нарықтан «Отбасы банк» арқылы несие рәсімдеп, пәтермен қамту  жоспарда. Жалпы 4413 азаматты несие негізінде пәтермен қамту көзделген. 

Ал ашықтықты қамтамасыз ету үшін кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық дерекқорының сервисі қолданылып жатыр. 


    A+
Уақыты: 2021-06-26  Айдарша: Өңір
TAG: