Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

Қысқаша

Одан бөлек, жеке индустриалды аймақтарды ашу бойынша да жұмыстар жүріп жатыр.

Screenshot_5.png

Шымкент қаласының  әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен  кезекті Инвестициялық штабтың отырысы өтті. Жиында 9 жаңа жоба ұсынылды. Жоба жетекшілері «ZOOM» платформасы арқылы қосылып, өзекті мәселелерін ортаға салды.

Мәселен, мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен «Шымкент Темір»  ЖШС-і өндірістік қуаты жылына 300 000 тонна болатын үздіксіз құйылған дайындама, ұсақ сұрыпты болат және созба сым өндіру зауытын салу және өндірістік қуаты жылына 360 000 тонна тікелей қалпына келтірілетін темір өндіру зауытын салу туралы жобасын ұсынды. Аталған жобаларға  «Жұлдыз» индустриялды аймағынан 100 гектар жер бөлінген. Жоба іске қосылған сәтте 1500 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Қажетті инфрақұрылымдық жүйелер қосылған кезде құрылыс жұмыстары басталады. Қала әкімі аталған жобаны өзінің жеке бақылауына алып, әр ай сайын арнайы кездесу ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетейік,  Мемлекет басшысы Жолдауда өңдеу өнеркәсібін алдағы бес жылда кем дегенде 1,5 есеге өсіруді тапсырды. Осы мақсатта Шымкентте бірнеше бастама қолға алынды. Солардың бірі - «Жұлдыз» индустриалды аймағы.  Қазіргі таңда инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары басталып кетті. 306 гектар жер аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі дамитын болады. 200 млрд.теңгеге бес мыңнан астам жұмыс орнымен 50 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. 

Одан бөлек, жеке индустриалды аймақтарды ашу бойынша да жұмыстар жүріп жатыр.


    A+
Уақыты: 2021-06-26  Айдарша: Өңір
TAG: