Депутат каналды өз қаржысымен тазалап берді

Қысқаша

Депутат каналды өз қаржысымен тазалап берді

16.jpg

Жыл сайын Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылына Балдыберек каналы арқылы келетін ағын су көптеген қиыншылықтар мен су тапшылықтарын туғызатын еді. Бүгінгі таңда ауыл әкімдігімен бірлесе жомарттық танытып отырған аудандық мәслихат депутаты А.Тайжановтың еңбегін ерекше атап өтуге болады. Себебі, 27 шақырым тозығы біткен бетон каналдан келетін ағын су мәселесі айтарлықтай қиыншылық туғызатынына байланысты Қызылбілек ауылының шекарасынан 7 шақырым жерден арнайы техника және жұмысшылар жұмылдырылып, қосымша арық тарту жұмыстарын орындай отырып, ауыл тұрғындарын ағын сумен қамтамасыз етіп отыр. Одан бөлек, көптеген шешімін табалмай отырған мәселелерді Төлеби аудандық су шаруашылығы мекемесімен келіссөздер жүргізіп, өзекті болып отырған жұмыстың оң шешімін табуға ықпал жасады. Әрине, бұндай ауқымды жұмыстарды атқару қыруар қаржыны талап ететіні белгілі. Дегенмен фракция мүшесі А.Тайжанов сайлаушылардың сенімін ақтау мақсатында жомарттық танытып, үлкен мәселені жеке қаржысы есебінен шешіп отырғанын мақтанышпен айтуға болады.

Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресін» деген сөз бар. Осы орайда, А.Тайжановтың көптеген игі және ізгі істері, әрқашанда қайырымдылық істердің басында болып, өз елінің нағыз патриот азаматы екенін айта кеткіміз келеді. Депутаттың атқарып отырған жұмыстарына халықтың алғысы шексіз.


    A+
Уақыты: 2021-06-19  Айдарша: Өңір
TAG: