Жол сапасы жақсаруда

Қысқаша

Мамандар мәліметінше биыл негізінен қала ішіндегі күре жолдармен бірге мөлтек аудандардағы жолдардың жайын жақсартуға көп көңіл бөлініпті. Мәселен, тек Абай ауданының өзінде осылы 46 көше асфальтталып, 51 шақырым топырақ жолға тас төселеді. Олардың көбі қ

Screenshot_10.png

Шымкентте биыл 295 шақырым жолға асфальт төселіп 153 шақырым топырақ жол реттеледі. Ол үшін қажетті мердігер мекемелер анықталған. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы берген ақпаратқа сүйенсек бүгінде шаһарда 168 нысанда жол құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұйыртса биыл соның 155 бітіп пайдалануға беріледі. 

Статистикаға сүйенсек қазір қаладағы жолдардың 60 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Биылғы меже сол көрсеткішті 3,5 пайызға арттыру. Ол үшін қазынадан 32 млрд теңге қаржы қаралған.  Қазір көп нысанда мердігерді анықтау, мемлекеттік сатып алу сынды жұмыстар аяқталған. Ал, атқарылған әрбір іс бас қарма тарапынан бақылауда. 

"Сапасы бойынша бізде қалалық жол активтері Ұлттық сапа орталығы бар. Сол мекеме арқылы жұмыс жасалады. Бұл жерде асфальттың құрамы технологиясы бойынша 2 жақтама бізде қадағалау жүргізіліп отырады",-дейдіШымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Ілесов. 

Мамандар мәліметінше биыл негізінен қала ішіндегі күре жолдармен бірге мөлтек аудандардағы жолдардың жайын жақсартуға көп көңіл бөлініпті. Мәселен, тек Абай ауданының өзінде осылы 46 көше асфальтталып, 51 шақырым топырақ жолға тас төселеді. Олардың көбі қала шетіндегі шағын аудандардағы ішкі жолдар. 

"Абай ауданы ауданы аумағында негізінен 1100 көше бар. Оның 53 пайызы асфальтталған көше. Оның 40 пайызы тас жол. Ал, 7 пайызға жуығы топрақ жол деп есептейміз. Енді халық өсіп жатыр, ел өсіп жатыр жаңадан қосылып жатқандар бар. Қосылғанан кейін жол төселуі керек",-дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш.


    A+
Уақыты: 2021-06-11  Айдарша: Өңір
TAG: