Жиһаз жасайтын келіншек

Қысқаша

Қазіргі таңда мемлекеттік қолдау қарқынды жүзеге асырылуда. Биыл 600 адам грантқа ие болып, 1900 азаматқа «Бизнес бастау» оқу курсына жолдама берілді.

Screenshot_11.png

Қазіргі нарықтық заманда кез-келген азамат кәсіп ашып, дөңгелетуге құқығы бар. Әрине бизнес бастау оңай шаруа емес. Бір істі бастау үшін жоспар, тәжірибе, қаражат және қолдау керек. Елімізде мұндай жандарға көмек беретін мемлекеттік бағдарламалар көп. Соның бірі «Еңбек» бағдарламасы.

Шымкент қаласының тұрғыны Гүлжазира Рысқұлова мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдаланған кәсіпкерлердің бірі. Былтырғы жылдың шілде айында 21 күндік «Бизнес бастау» оқу курсын аяқтап, сертификат алған соң, «Жиһаз жасау ісі» бойынша комиссияға өз жобасын ұсынды. Нәтижесінде, жобасы комиссия мүшелерінің көңілінен шығып, мақұлданған. Бағдарлама шеңберінде Гүлжазираға  200 АЕК көлемінде мемлекеттік грант берілді. 

Бөлінген қаражатқа кәсіпкер керекті құрал-жабдықтарын сатып алып, қазіргі таңда тапсырысқа түрлі үлгіде жиһаздар жасауда. Жаңа кәсіпті қолға алған келіншектің айтуынша сұраныс көп. Төрт баланың анасы бұл жетістігімен шектелмей, алдағы уақытта жиһаз шеберханасын дамытуды жоспарлап отыр.

Жалпы, былтырғы жылы бағдарлама шеңберінде 4828 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізді. «Бастау бизнес» жобасына 2820 адам жолданып, білім алған. 

Қазіргі таңда мемлекеттік қолдау қарқынды жүзеге асырылуда. Биыл 600 адам грантқа ие болып, 1900 азаматқа «Бизнес бастау» оқу курсына жолдама берілді.


    A+
Уақыты: 2021-05-29  Айдарша: Өңір
TAG: