Ордабасыда 7,5 миллиард теңге инвестиция игерілген

Қысқаша

Ордабасыда 7,5 миллиард теңге инвестиция игерілген

7.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған былтырғы Жолдауында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз етуді, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыруды, еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейтуді, агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыруды тапсырғаны белгілі.  Президент сонымен бірге:

- Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуе¬тімізді толық пайдалану,-деген болатын. Мемлекет басшысының тапасырмасына сәйкес Түикістан облысы Ордабасы ауданынжда ірі ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп жобалары жүзеге асуда. 

Ауданда 7,5 млрд теңгеден астам инвестиция игерілген. Негізгі қорды жаңғыртуға бағытталған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 217,3 пайызды құрады. Оның 75,5 % - бюджеттік емес инвестиция. Кепілсіз несие бойынша 57 жеке кәсіпкер 228,5 млн. тг. қаржыландырылды. Бұл көрсеткіш бойынша аудан облыс деңгейінде 3 орында. Микро несие ұйымдары арқылы 2 млрд. теңгеден астам несие игерілген. «Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы» аясында жеңілдетілген қолжетімді несиені алу мақсатында 37 жоба ұсынылып, 23-і мақұлданды.

Өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі де едәуір артқан. Ауданда 39 кәсіпорын өз істерін дөңгелетіп, ұршықша үйіріп отыр. Олардың өндірген өнім көлемі жыл басынан бері 8 млрд. теңгеден асып, облыс көлемінде алдыңғы қатарда. Биыл «Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 28,7 млрд.тг. құрайтын 4 жоба жүзеге асып, 500-ге азамат тұрақты жұмыспен қамтылады.

Атап айтқанда, жылдық қуаттылығы 2 млн.тоннаға жететін «Standart Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай-химия өңдеу жобасының жалпы құны 300 млн. АҚШ доллар (129,9 млрд.тг.). Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан «Агро-V» ЖШС-нің жаңа технологиялы қыш зауыты жобасы, жалпы құны 2,3 млрд. тг., жалпы құны 1,6 млрд. тг. Болатын «RZN» ЖШС-нің автоклавталған газдалған бетон өнімін өндіру жобасы. Сондай-ақ жалпы құны 0,8 млрд. тг., болатын «Александровский сад» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасы. Жоба 3-тоқсанда іске қосылады деп күтілуде.


    A+
Уақыты: 2021-05-25  Айдарша: Өңір
TAG: