Цифрландыру салыққа да жетті

Қысқаша

Электронды қызмет түрі салық қызметтеріне де жетті. Айталық Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2020 жылы 1млн 55 мың қызмет түрін көрсеткен. Оның басым бөлігі электронды түрде жүзеге асқан. 12 702 қызмет офлайн көрсетілген. Бұл жобала

Screenshot_14.png

Қазіргі уақытта қазақстандық экономиканы цифрландырудың артып келе жатқан өзектілігі әлемдік аренада еліміздің одан әрі экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатқа жетудің негізгі құралы — «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Аталмыш бағдарламада  Мемлекеттік қызметтер тізіліміне 723 қызмет енгізілген, оның ішінде 580 қызмет немесе 80,2% электронды түрде көрсету көзделген. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілді, соның нәтижесінде мемлекеттік қызметтер саны 17-ге (740-тан 723-ке дейін) қысқарды. 

Электронды қызмет түрі салық қызметтеріне де жетті.  Айталық Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2020 жылы 1млн 55 мың қызмет түрін көрсеткен. Оның басым бөлігі электронды түрде жүзеге асқан. 12 702 қызмет офлайн көрсетілген. Бұл жобалар Е.лицензия, kgd.gov.kz. e.gov.kz порталдары арқылы жүргізілген.

Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарына арналған «e-Salyq Azamat» ақысыз мобильді қосымшасын іске қосқан болатын. Онда салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар.  Мемлекеттік қызмет көрсетулерді дамыту және сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Еркін Агибаев азаматтар мобильді қосымша арқылы салық берешегін тексеріп, артық төленген қаржыларын есепке жатқызады дейді. Мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу жұмыстарын да жүргізеді. «e-Salyq Azamat» қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады.


    A+
Уақыты: 2021-05-19  Айдарша: Өңір
TAG: