Топтан оза шыққан ұстаз

Қысқаша

Нағыз тың жоба жасаған, көпшілікке себі тиетін, жастарды алға жетелейтін жоба ішінен 30 үміткер суырылып алға шықты. Солардың бірі шымкенттік ұстаз – Роза Керімбекова.

Screenshot_1.png

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастау алған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы – Тәуелсіз еліміздің туын асқақтатар елім, жерім дейтін жастарды қолдайтын жоба. Бұл жобаға биылғы жылы еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген 3000-ға жуық үміткер өтініш берді. Олардың ішінен жеңімпаз болуға лайық деп санаған тұлғаларға цифрлану жүйесіне орай халық онлайн дауыс беру арқылы таңдады. Халықтың қолдауына ие болып, көп дауыс жинаған үміткерлер әділ қазылар сараптауынан өтті. Нағыз тың жоба жасаған, көпшілікке себі тиетін, жастарды алға жетелейтін жоба ішінен 30 үміткер суырылып алға шықты. Солардың бірі шымкенттік ұстаз – Роза Керімбекова. 

– Қазақстанның көк туын желбіретер нағыз азаматтар осы жоба жеңімпаздары десем артық айтқандық емес шығар. Шымкент қаласының білім басқармасының ұсынуымен осы жобаға қатысу маған бұйырғаны үшін қуаныштымын. Мен үшін жобаның жеңімпазы болу – өте үлкен мәртебе. Бұл тек менің емес, мен білім беріп отырған қарашаңырағымның және әріптестерімнің де үлкен жеңісі деп білемін,– дейді жоба жеңімпазы.

Роза Аршабайқызы білім беретін Шымкент қаласындағы М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия – қаладағы дарынды балаларды үш тілде оқытатын бірден-бір заманауи білім мекемесі болып табылады.  «Білім негізі – бастауышта», – демекші, осы қызығы мен өзіндік қиындығы мол жылдардағы ұстаздық жолында аталған гимназияда қаншама баланың сауатын ашты. 2004-2010 жылдар аралығында «Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің» жетекшісі болған ұстаз бүгінде сол бірлестіктің менторы.


    A+
Уақыты: 2021-05-14  Айдарша: Өңір
TAG: