Автомобиль жолдары жақсаруда

Қысқаша

Сондай-ақ, ағымдағы жылы жалпы 168 нысанда орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарын іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, биыл қайта жаңарту – 5, күрделі жөндеу – 4, оң жақ өткел салу – 8 және орташа жөндеу бойынша – 138, жалпы 155 нысан құрылысы аяқталад

Screenshot_13.png

Шымкент қаласында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» жаңа мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде автомобиль жолдары саласын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылуда. 

Мәселен биыл 134 жаңа нысан құрылысын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, құрылыс және қайта жаңарту – 6, орташа жөндеу бойынша – 128 нысан.

Сала мамандарының мәліметінше қазіргі таңда 99 нысан бойынша мердігер мекемелермен келісімшарттар түзілген. Бір нысанда жеңімпаз анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары жүргізілуде дейді жауаптылар. Қалған 34 нысанға ағымдағы жылғы наурыз айында өткен бюджетті нақтылау кезінде қаржы бөлінген. Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың маусым айында келісімшарт түзіліп, шілде айында жөндеу жұмыстары басталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы жалпы 168 нысанда орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарын іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, биыл қайта жаңарту – 5, күрделі жөндеу – 4, оң жақ өткел салу – 8 және орташа жөндеу бойынша – 138, жалпы 155 нысан құрылысы аяқталады. 

Айта кетейік, «Нұрлы жол»  бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - автомобиль жолдарын дамыту. Егер 2015 жылға дейінгі алдыңғы кезеңде республикалық желіде негізгі жоба Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік дәлізі болса және жылына орташа алғанда реконструкциялау жұмыстарымен 2 мың шақырым жол қамтылса, ал 2015-2019 жылдар аралығында 6,8 мың шақырым жол қамтылды, сондай-ақ соңғы жылы 4,4 мың шақырым жолда жұмыстар жүргізілді. Бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар 3 мың шақырым автожол салынды және реконструкцияланды. 2020 және 2021 жылдар аралығында 3,8 мың шақырым жолды аяқтау көзделген. Сондай-ақ, Бағдарлама шеңберінде өткен кезеңде республикалық желі бойынша 10 мың шақырым жөнделген.



    A+
Уақыты: 2021-05-06  Айдарша: Өңір
TAG: