Шымкентті көгалдандыруға «Нұр Отандықтар да» ат салысуда

Қысқаша

Жасыл желектер Қазығұрт ауданынан әкелінген. Оның қатарында қайың, айланд, және өте сирек кездесетін ясин ағаштары бар. Алдағы уақытта отырғызылған көшеттер аудандық әкімдіктің бақылауында болады. Жауаптылар дарақтардың жайқалып, мәуелі баққа айналуына

Screenshot_8.png

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен ағаш көшеттерін отырғызу шарасы қарқынды жалғасуда. Бұл жолы игі іс Асанбай Асқаров атындағы Дендрологиялық саябағында өтті. Онда «Іскер әйелдер» және «Азаматтық Альянс» қауымдастығының өкілдері белсенділік танытып, 150- ге жуық тал екті.

Тал егуге «Nur Otanдықтармен» бірге Әл фараби ауданыдық әкімдік қызметкерлері мен Іскер әйелдер» және «Азаматтық Альянс» қауымдастығының өкілдері қатысты.  Акцияның мақсаты – шаһарды  абаттандыру, жасыл желектерді  көбейту және оны сақтау, дейді ұйымдастырушылар.  

Мемлекет басшысының елімізді көгалдандыру тапсырмасына орай осы шараны қола алып отырмыз. Игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- дейді   Әл –Фараби аудандық  халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Мұқтар Төлеуіш. 

Жасыл желектер  Қазығұрт ауданынан әкелінген. Оның қатарында қайың, айланд,  және өте сирек кездесетін  ясин ағаштары бар. Алдағы уақытта отырғызылған көшеттер аудандық әкімдіктің бақылауында болады. Жауаптылар дарақтардың жайқалып, мәуелі баққа айналуына  құмбыл.

Айтып өтейік, ағаш егу акциясы былтыр күзден бастап қолға алынған. Игі шара миллионды шаһардың жасыл қалаға айналуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.


    A+
Уақыты: 2021-04-14  Айдарша: Өңір
TAG: