«Бақыт» тұрғын үй кешені ашылды

Қысқаша

«Бақыт» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2018 жылы басталған.

Screenshot_14.png

Шымкенттіктер тұрғын үйге арналған мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көруде.  Бұл жолы «Бақыт» тұрғын үй кешені ел игілігіне табысталды.

«Бақыт» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2018 жылы басталған. Нысан  екі кезеңмен аяқталған.  Алғашқы үйлер 2020- шы жылдың наурыз айында тапсырылған.  Екінші кезең осы жолы  жүзеге асты. Жалпы алғанда 40 мыңнан астам шаршы метр пайдалануға берілді. Мұндай жоба  биылдың өзінде қаланың төрт жерінде жүзеге асып жатыр. Көпқабатты үйде 2-3 бөлмелі бизнес клас пәтерлер бар.

 «Бұл кешен құрамалы каркас тәсілімен соғылған. Үйге қажетті құралдар  «Оңтүстік Құрлыс Сервис» ЖШС-нің  Жби  зауытында  жасалған. Бірінші кезеңде пәтерлерді толық бітіріп саттық. Екінші кезеңде әрлеу жұмыстарын пәтер иесіне қалдырдық.  Үйдің сырты табиғи тас Травертинмен қапталған. Жеке көліктерге паркинг бар»,- дейді «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС-нің  қаржы директоры Гүлжан Сыдықова.

Пәтерлер 66-118 шаршы метрден. Әр кіреберісте лифт бар.  Тұрғындардың жеке көліктеріне арнайы паркинг жасалған. Бұл пәтерлердің 70 пайызын Тұрғын үй жинақ банкінің  салымшылары алды. Салымшылар құрылыс жұмыстары басталмай тұрып несие рәсімдеген. Осы арқылы  баспанаға нарықтық бағадан төмен бағамен қол жеткізген. «Бақыт» тұрғын үй кешеніндегі пәтердің биіктігі -3,0 м. 1-ші  қабат  3,6м. Жуыну бөлмелері 2-3- бөлмелі пәтерлерде бөлек Тұрғын үйге сай, лоджия қаралған тұрғын үй 2 сыныпты жайлылықта.

 


    A+
Уақыты: 2021-04-09  Айдарша: Өңір
TAG: