Сыбайлас жемқорлық қылмыстар азайған

Қысқаша

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар азайған

108.jpg

«Қазақстан 2050» Стратегиясы аясында соңғы жылдары елімізде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтіліп, мемлекеттік қызметшілерді іріктеуде ашықтықты қамтамасыз ету, меритократия қағидаларын енгізу, жақсы кадрларды ілгерілетуді қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр.  Осы орайда айта кетері,  Түркістан облысы республика көлемінде жемқорлық деңгейі төмен облыстардың алғашқы бестігінде тұр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне қатысты тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 33,7% - ға азайған. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес және сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Ондағы іс-шаралар негізінен сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жоюға және алдын-алу жұмыстарына бағытталған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мәлімденді. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хаким Қошқалиев, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, облыс әкімінің орынбасарлары және басқарма басшылары қатысты. Жиында облыстық басқармалар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар баяндалды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға және Агенттіктің іске асырылып жатқан жобаларына, заңнамалық жаңашылдықтар жайында айтылды.


    A+
Уақыты: 2021-04-08  Айдарша: Өңір
TAG: