Сан ғана емес, сапа да өседі

Қысқаша

Сан ғана емес, сапа да өседі

94.jpg


Түркістан қаласына тағы да жаңадан SAZ LЕ-60 маркалы 10 автобус  әкелінді. Жалпы, Түркістан қаласына алдағы екі ай көлемінде 20 автобус келеді деп күтілуде.  Бүгінде қоғамдық көлік бағыттары қою жаспарланып отыр. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 

жаңа автобустар №18 бағыттағы «Тұран ауылы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Түркістан автовокзалы» автобус бағыты қаланың Тұран ауылы тұсынан бастау алып жаңа «Түркістан автовокзалы аралығында (Қазыбек би көшесі, Б.Саттарханов даңғылы арқылы) қатынайтын болады. Қоғамдық көліктің кешігуі, жүргізушілердің дөрекі сөйлеуі және басқа да жайттар орын алса, 109 байланыс нөміріне хабарласуға болады.   

Айта кетейік, жақында дәл осындай үлгіде 20 автобус әкелінген болатын. Көлік сыйымдылығы 25 адамды тасымалдауға лайықталған. Желдеткіш пен қолдарбаға арналған пандусы, электронды билет беру және үш бейнебақылау құрылысымен жасақталған.

Осылайша облыс орталығы атанып, соңғы жылдапры адам танымастай өзгерген Түркістанда қоғамдық көліктердің саны ғана емес, сапасы да артып келеді. Мұның бәрі де халыққа қызмет көрсетудің, жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетінің жаңа сапаға көтерілгенін білдірсе керек.  


    A+
Уақыты: 2021-04-08  Айдарша: Өңір
TAG: