«Бірге жүгірейік» челленджі Шымкенттен бастау алды

Қысқаша

Спортты серік еткен жасөспірімдердің санын арттыру үшін Шымкентте «Бірге жүгірейік» челленджі бастау алды.

Screenshot_4.jpg

2021 жылы бұқаралық спортқа қосымша 16 млрд теңге көлемінде қаражат бағдарлау жоспарланған. Бұл жалпы бұқаралық спортқа бөлінетін қаражатты екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. Осы арқылы спортпен шұғылданушы азаматтар санын 2025 жылға қарай 45%-ға жеткізу  көзделген.  Әсіресе жасөспірімдерді спортқа баулуға ерекше назар аударылуда.  Бүгінде мектеп оқушылары арасында 1, 938 мың мектеп жасындағы балалар дене шынықтырумен және спортпен қамтылған. 

Спортты серік еткен жасөспірімдердің санын арттыру үшін Шымкентте «Бірге жүгірейік» челленджі бастау алды.   Челлендж Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында бұқаралық балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналып ұйымдастырылуда. 

Республикалық шараны үшінші мегаполистің спортшылары бастады.  Мұнда бағдарламаға сәйкес 14 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Іс-шараның арнайы қонағы күш нөмірлері бойынша әлемнің 4 дүркін рекордсмені, Гиннесс кітабының рекордсмені және Қазақстанның 5 дүркін рекордсмені Сергей Цырульников болды! ⠀ Мәреге бірінші келген 150 спортшыға атаулы сертификаттар берілді. Челлендж Түркістан қаласында жолданды. Рухани астанадан кейін челлендж республиканың өзге де шаһарларында жалғасын тауып, Нұр-Сұлтан қаласында қорытындыланатын болады.     


    A+
Уақыты: 2021-03-24  Айдарша: Өңір
TAG: