Мемлекеттің демеуімен кәсіп ашты

Қысқаша

Бұл кәсіпті бастауға ниеттенген себебім, бірінші өзімнің қаржылық сұранысымды өтеу.

Screenshot_13.jpg

Былтыр «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында Шымкентте 67 азамат 5 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грантқа ие болған. Бұл мақсатта қазынадан 289,9 млн теңге қаралған. Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлердің бүгінде тынысы кеңейген. Олар бизнесін одан әрі дөңгелетіп, өнімділігін арттырған. Биыл да кәсіп ашам дегендерге қолдау көп дейді мамандар.

Нұрбол Жандаров баспанасының жанынан ашқан шағын цехта транспорматордан бағанаға жіберілетін элетр қуатын ажыратып қосатын құрылғы шығарады. Оның бұл кәсіпке қызығушылық танытқанына бес жылға жуықтаған.  Өткен жылдың қараша айында 4,5 млн. теңге қайтарымсыз грантқа ие болған. Бұл қаражатқа ол өз жиған тергенін қосып шетелден кәсіпке қажетті станокқа тапсырыс берген. Сол арқылы ол енді бұған дейін өзге мемлекеттен әкелінетін фосфорлы изоляторды енді өзі шығарады.

 «Бұл кәсіпті бастауға ниеттенген себебім, бірінші өзімнің қаржылық сұранысымды өтеу. Екіншіден, біздің еліміз химиялық элементтерге аса бай болса да, біз шетелге сұраныс танытып отырмыз. Біздің қаржымыз сыртқа кетуде. Сол мәселені шешу»,- дейді кәсіпкер. 

Қайтарымсыз грантқа ие болған Нұрбол арнайы Ресейге барып біліктілігін шыңдаған. Бүгінде өнімге сұраныс жоғары дейді ол. Қарамағындағы 3 отбасылы жанды жұмысқа тартып, жалақы беріп отыр. Алдағы уақытта өзге мемлекеттерге экспорттауды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде Ресей, Қырғыстан, Өзбекстан мемлекеті өнімге қызығушылық танытып отыр.

 «Бизнестің жол картасы аясында бізге 150-ге жуық конкурсқа қатысуға ниет білдірілді. Мақсат кәсіпкерлерді қолдау.  Биыл да бұл салаға мемлекеттен қаражат бөлінді. Алдағы уақытта конкурс нәтижесіне сай қайтарымсыз гранттар бөлінетін болады»,- дейді Шымкент қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының маманы Архат Сәрсенбаев .


    A+
Уақыты: 2021-03-13  Айдарша: Өңір
TAG: