Ордабасы: Мал шаруашылығы мемлекеттік бағдарламалар бойынша дамытылуда

Қысқаша

Ордабасыда «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламалары аясында мал шаруашылығы

Ордабасы: Мақсат - мал тұқымын асылдандыру- RG media - ақпараттық агенттігі

Ордабасыда «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламалары аясында мал шаруашылығы белсенді түрде дамытылуда. Бүгінде мал шаруашылығына қарай түбегейлі ойысқан ауданымызда осы салаға көлемді инвестициялар тартылып, асылдандыру бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Соңғы жылдары ірі қара малын дамыту мен сапасын арттыруды көздеген «Сыбаға» бағдарламасы арқылы тиімді несиеге қол жеткізген көптеген шаруашылық құрылымдары оның игілігін көріп, мал басын біршама арттыруға мүмкіндік алған болатын. 

Ауданға қарасты Қарақұм ауылды округінде «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларымен шаруаларды ұйымдастыру бойынша 25 асыл тұқымды бұқа, 10 жылқы сатып алынып, 100 пайызға орындалды.

Сондай-ақ, ауыл округінде 2 шағын мал бордақылау алаңын құру жоспарланса, 3 бірлік шағын мал бордақылау алаңы ашылып, тапсырма 150 пайызға орындалды. Сүт фермаларын құру жоспары 1 бірлік, орындалғаны 2 бірлікке жетіп, 200 пайызға орындалды.

Ағымдағы жылда мұнда кәсіпкерлікпен айналысушы шаруалардың да қатары артты. Мәселен, өңірдегі жеке кәсіпкер Т.Бейсенов 50 млн. теңгеге 100 бас ірі қараға мал бордақылау алаңын ұлғайтты.

    A+
Уақыты: 2020-09-21  Айдарша: Өңір
TAG: