Бәйдібек ауданында халықты газбен қамтамасыз ету деңгейі жоғарылады

Қысқаша

Соңғы жылдары Бәйдібек ауданында халықты газбен қамтамасыз ету деңгейі 30-дан 50 пайызға

Кентау табиғи газбен толық қамтылады

Соңғы жылдары Бәйдібек ауданында халықты газбен қамтамасыз ету деңгейі 30-дан 50 пайызға дейін өсті.

Бүгінгі таңда аудан аумағында орналасқан Шаян, Шалдар, Бекбау, Жамбыл, Ақбастау, Екпінді, Шыбыт елді мекендеріне табиғи газ орнатылуда.

Тасқұдық, Сарқырама елді мекендеріне жеткізуші және ішкі газ жүйелеріне ауамен қысымдау жұмыстарының жүргізілуі межеленіп, аталған елді мекендерге табиғи газ босатылуы ағымдағы жылдың қыркүйек айының ішінде жоспарланып отыр.

Ал, Сайрам ауданында орналасқан Көмешбұлақ елді мекеніндегі №20 автоматтандырылған газ тарату стансасы іске қосылып болған соң, үстіміздегі жылы Боралдай елді мекеніне де газ босатылуы күтілуде. 

- 2019-2021 жылдары аралығында «ОҚО, Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауыл округі, Мыңбұлақ елді мекеніне жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылысы» нысаны бойынша «Комби-строй-І» ЖШС-нің тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 2019 жылы 500,0 млн. теңге, 2020 жылға 633,1 млн. теңгенің 300,0 млн.теңгесінің бөлінуі жоспарланған (қалған 300,0 млн.теңге қаржысы облыстық бюджетті нақтылау барысында қаралады деп жоспарлануда). Нысан 2021 жылдың маусым айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

- 5 елді мекенге (Жүзімдік,  Мәдениет, Қосбұлақ,  Бестоғай, Ақбұлақ) табиғи газды босату үшін, бірінші кезекте аталған елді мекендерге тартылатын жоғарғы қысымды табиғи газ құбырының құрылысын жүргізуді қажет етеді. Бұл жұмыстарға жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, есептелген 199,6 млн.теңге қаржысы (о.і. Жүзімдік е/м – 11,4 млн.теңге, Қосбұлақ және Мәдениет е/м – 94,2 млн.теңге, Бестоғай е/м – 91,2 млн.теңге, Ақбұлақ е/м – 2,9 млн.теңге) 2020 жылғы облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылып отыр.

- Сонымен қатар, 4 елді мекенді (Амансай, Түйетас, Талап, Сарыбұлақ) табиғи газбен қамтамасыз етуге әзірленген жобалау сметалық құжаттамаларға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті 1 018,9 млн.теңге қаржысы (о.і. Түйетас е/м – 129,3 млн.теңге, Амансай е/м – 526,7 млн.теңге, Талап е/м – 154,7 млн.теңге, Сарыбұлақ е/м – 208,2 млн.теңге) 2020 жылға арналған облыстық бюджеттен сұралып, бюджеттік өтінімі ұсынылған. 

- 2 елді мекеннің (Ынтымақ, Жыланды) жобалау сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өткізіліп оң қорытындылары алынса, 1 елді мекеннің (Жиенқұм) жобалау сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Аталған 3 елді мекеннің жобалау сметалық құжаттамалары әзірленген соң облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылатын болады.

2020 жылға 14 елді мекенді (Бәйдібек ата, Кеңес, Жоғарғы-Боралдай, Тайманов, Теректі, Жолғабас, Шақпақ, Қазата, Таңатар, Ағыбет, Алғабас, Қошқарата, Кеңестөбе, Ақтас) табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша ЖСҚ-ларын әзірлеуге аудандық бюджеттен тиісті қаржысы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаз болып таңылған мердігер мекемелердің тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.

Шаян елді мекеніндегі жаңадан салынған екі қабатты тұрғын үйге құны 6 457,0 мың теңге қаржыға тиісті мердігер мекеме тарапынан табиғи газ жүйесі тартылып берілді.

Шаян елді мекеніндегі 20 коммуналдық (жалдық) тұрғын үйлерді және 55 га инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымында салынатын тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, «Строй-проект-инвентаризация» ЖШС-і жеңімпаз болып танылып, құны 10 067,6 мың теңгеге ЖСҚ-сын әзірлеуде.

Табиғи газбен қамтамасыз етуге сәулеттік жоспарлау тапсырмалары 10 елді мекенге (Тұрақты, Бірлік, Жұлдыз, Жаңаталап, Қаратас, Ақжар, Кеңсай, Шұқыршақ, Алмалы, Жарықбас) әзірлену үстінде.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы бес жылда газды пайдалану мүмкіндігін үш миллионнан астам қазақстандық иеленді, ал халықты газдандыру деңгейі 30-дан 50 пайызға дейін өсті.

    A+
Уақыты: 2020-09-03  Айдарша: Өңір
TAG: