Ордабасы мәдениет саласында алға ілгерілеушілік басым

Қысқаша

Ордабасы ауданының мәдениет саласында соңғы жылдары алға ілгерілеушілік басым. Мәдени

ОҚО: «Ордабасы» тарихи-мәдени қорығы абаттандырылып жатыр ...

Ордабасы ауданының мәдениет саласында соңғы жылдары алға ілгерілеушілік басым. Мәдениет кез келген ұлттың өмірінен, салт-дәстүріне сыр шертетін киелі ұғым болғандықтан болар, ауданда бұл бағыттағы жұмыстар экономикалық маңызы бар мәселелермен тең тұрғыда қарастырылады. Өйткені мәдениеттің өзі өмірдің тиянақтылығын, дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын, тұрақтылығын қамтамасыз ететін институт болып табылады.

Қазір ауданда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Аудандық мәдениет үйі», «Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» және «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы»  мекемелері  халыққа  қызмет көрсетіп келеді. Аталған мекемелер аудан тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып, жастардың жан дүниесін, ой-өрісін дамытып, салауатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында дөңгелек үстел басында кездесулер, кітап беташарларын, әдеби кештер, әртүрлі байқаулар, шығармашылық кештер, сайыстар мен пікірталастар секілді мәдени маңызы бар іс-шараларды өз деңгейінде өткізіп жүр.

    A+
Уақыты: 2020-08-20  Айдарша: Өңір
TAG: