Созақ: «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген мамандар жетерлік

Қысқаша

Созақтық ақ халаттылар өз біліктіліктерін кешегі төтенше жағдайдың тұсында тағы бір д

image.png

Созақтық ақ халаттылар өз біліктіліктерін кешегі төтенше жағдайдың тұсында тағы бір дәлелдеп шықты. Бүгінде аудан провизорлық центрлерінде науқас қалмаған. Аудандағы жағдай да тұрақты. Аудан медицина мамандарының қатарында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген білімді мамандардың да қарасы қалың.

Мәселен, аудан орталығындағы емхананың бас дәрігері  Талғат Қалдыбеков мұнда 2009 жылы   мемлекеттік «Дипломмен аулға» бағдарламасымен келген. Өз мамандығана адал жан, кездескен барлық қиындықтарға  мойымай, осында тұрақтап қалған. Енді міне, кешегі жас маман бүгінде – бас маман.

Аудан орталығындағы емхана  түгелдей заманауи құрылғылармен жабдықталған. Ол жағдай  тіпті, емханаға кіреберістен байқалады. Мұнда  сандық технологиямен атқарылатын арнайы құрылғы орналастырылған. Жергілікті мамандар мұның бәрін толық игерген. Сондықтан да болар, олар кешегі  төтенше жағдай  кезінде  өте сауатты қызмет атқара білді.

Ауруханадағы заманауи  құрылғылармен жұмыс  атқаратын дәрігерлер де  арнайы біліктілік курсынан өтіп тұрады.   Сонымен қатар,   Еркебұлан Бексейіт сынды  білікті  дәрігерлер де жас мамандарға  ақыл кеңестерін аямайды.  Айтқандай,  Нұрлыбек те кешегі төтенше жағдай кезінде  ерекше жұмыс атқарған дәрігерлердің бірі.

Дәрігерлік нысандар  заманауи құрал жабдықтармен үнемі толығып тұрады. Сондай –ақ,  мұнда қабылданатын науқастар үшін де арнай бөлімдер мен білікті дәрігерлер  жұмысы жүйеленген.

    A+
Уақыты: 2020-08-28  Айдарша: Өңір
TAG: