Сарыағаш жаңа оқу жылына дайын

Қысқаша

Биыл еліміздің барлық аймақтарында оқу жылы онлайн жүргізілетіні белгілі. Сарыағаш ау

image.png

Биыл еліміздің барлық аймақтарында оқу жылы онлайн жүргізілетіні белгілі. Сарыағаш ауданы жаңа оқу жылына толықтай дайын.

2020-2021 жаңа оқу жылына аудандағы жалпы білім беретін 77 мектеп (56565 оқушы) толық «Дарын» онлайн платформасы арқылы қашықтықтан оқуға көшеді.

2020-2021 жаңа оқу жылында Білім бөлімі тарапынан «Бір отбасыға – бір компьютерлік техника» принципіндегі алгоритм бойынша республикалық бюджеттен 477-компьютер, 3488-ноутбук, 873-планшеттерімен әлеуметтік осал топтағы 4838 оқушы қамтылып, қашықтықтан білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Қашықтықтан білім беру бойынша 2019-2020 оқу жылының 4-ші тоқсанында білім беру ұйымдарында 53056 оқушы үшін қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды.

Сабақтар республикалық және жергілікті телеарналар («Балапан», «Ел-арна», «Қазақ радиосы» және т.б.) мен қатар мектептегі жарамды компьютерлері, оқушылар мен ата-аналардың жеке техникалық құрылғылары (компьютер, ноутбук, планешет, смартфон) пайдаланылып, қашықтықтан оқыту жұмыстары негізінен WhatsApp мессенджері арқылы жүргізілді.

Сондай-ақ, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 2020 жыл  ҰБТ-ға баратын 2347 оқушыдан 1717 бітіруші 21.06.2020 - 30.06.2020 жыл аралығында 10 лек бойынша қазақ тілінде - 1613, орыс тілінде - 61 бітіруші тапсырды. ҰБТ сынағы нәтижесінде орта балл 67,8-ді  құрады. 

    A+
Уақыты: 2020-08-19  Айдарша: Өңір
TAG: