Сарыағашта құрылыстың қарқыны жақсы

Қысқаша

Сарыағаш ауданында жыл басынан бері құрылыс тынбай жасалып келеді. Аудан бүгінде алып

Құрылыс материалдары неге қымбат?

Сарыағаш ауданында жыл басынан бері құрылыс тынбай жасалып келеді. Аудан бүгінде алып құрылыс алаңына айналған. Биыл басталған мектеп ғимараттардың құрылыстары аяқталуға жақындады. 

2019 жылы 6-мектептің құрылысы жүргіізіліп, оның 4-пайдалануға берілді. 2-мектеп 2020 жылға өтпелі (№58 Ә.Марғұлан, №44 Ғ.Мұстафин ж.о.м). Ал 2020 жылы аудандағы 3-мектептің құрылысы басталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде (Сарыағаш қаласы, Самал мөлтек ауданындағы 900 орындық, №46 Т.Тоқтаров және №59 ж.о.м).

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Сарыағаш қаласы, Қапланбек оқу тәжірибе шаруашылығы аумағынан 5 қабатты 45 пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылысы» жүргізілді. Инфрақұрылым желілерінің құрылысы аяқталғаннан кейінбаспанаға мұқтаж кезекте тұрғандар мен көпбалалы отбасылар 585 пәтермен (баспанамен) қамтамасыз етілетін болады.

Мәдениет және спорт нысандарының құрылысын жүргізу үшін      6-нысанның, мектеп, балабақша құрылысын жүргізу үшін 10-нысанның жобалық сметалық құжаттары (ЖСҚ) дайындалған. 5-нысанның құрылысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары (ЖСҚ) әзірленуде.

    A+
Уақыты: 2020-08-19  Айдарша: Өңір
TAG: