Сарыағашта кәсіпкерлік саласы жан-жақты жанданып келеді

Қысқаша

Сарыағашта кәсіпкерлік саласы жан-жақты жанданып келеді. Бүгінде ауданда кәсіппен айн

image.png

Сарыағашта кәсіпкерлік саласы жан-жақты жанданып келеді. Бүгінде ауданда кәсіппен айналысушы азаматтардың қатары артқан.

Баға бағамы арзанырақ Өзбекстан рыногымен жапсарлас Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік салаларында бәсекелестіктің бәсі жоғары. Ауыл шаруашылық өнімдері көшеттен тартып өніміне дейін арзан нарық ұсынатын экспорт тауарларын нарықтан ығыстыру үшін импорт тауарлардың сапасы сын көтеруі керек. Жасыратыны жоқ, селекция ғылымы көш ілгері ала тақиялы ағайынмен бәсекелес болу аймақ рыногына жеңіл жүк емес.

Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын және орта бизнестің мәні оның бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін құрылымдық фактор ретіндегі орны мен рөлімен анықталады. Шағын бизнестің негізгі функциялары —  бұл  көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жэрдем. Мұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады.

Осы тұрғыда ауданда 2019 жылы өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі  27,0 млрд теңгені құрап, өнеркәсіп өнімдерінің нақты индекс көлемі 104,5%құраса, ағымдағы жылдың қаңтар – маусым айларында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі16330,7 млн теңгені жетіп, нақты индекс көлемі 104,9% жетіп отыр.

Өткен жылы ауданға 36,8 млрд теңге инвестиция тартылған, ал ағымдағы жылдың осы мерізімнде 8728,9 млн теңге көлемінде  инвестиция тартылып отыр.

2020 жылдың І-жартыжылдығында шағын несие «Ырыс» МҚҰ ЖШС арқылы 34 адамға жалпы соммасы 183,8 млн теңге несие берілді.

    A+
Уақыты: 2020-08-19  Айдарша: Өңір
TAG: