Жетісайлық шаруалар өнімдерін көрші елдерге экспорттауда

Қысқаша

Жетісайлық шаруалар өнімдерін көрші елдерге экспорттауда

70754616_380405852893181_1099444196789452800_o.jpg

Түркістан облысы Жетісай ауданының шаруалары тың технологияларды меңгеріп, өндірген өнімдерінтіпті экпортқа шығаруда.  Мұндай мәліметті аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуов пен аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Шерияздан Сейтжанов 8 айда атқарған жұмыстарының қорытындысына орай берілген брифинг барысында айтылды. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«2019 жылдың 8 айында Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласында жалпы өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 102,7 пайызды құрады. Оның ішінде егін шаруашылығы 105,пайыз мал шаруашылығы 101,4 пайыздарды құраған.. Қаржыға шаққанда өндірілген өнім көлемі 16 млрд. 464,2 млн. теңгені құраған. (оның ішінде: мал шаруашылығы 9 млрд. 538,1 млн. тенге, өсімдік шаруашылығы 6млрд.926,1 млн. тенге,). Былтырғы жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 3,5 млрд. теңгеге артық өндірілді» дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуов.

 Аудан шаруалары жыл сайын егістік жерлерді әртараптандыруға бет бұрған. Былтырғы жылы 14 мың гектар жерге бақша дақылдары егілген болса, ағымдағы жылы оның көлемі 16 мыңға жетіп, аталған дақылдардың негізгі бөлігі көрші мемлекетке экспортқа жөнелтілуде.

Көкөніс дақылдарының да көлемі де біршама көбейген. Бұл дақылдардың ішіндегі негізінен экспортқа қырыққабат дақылының егіс көлемі мен өнім көлемі арттуда. Былтырғы жылы шаруалар 850 гектар жерден 24 мың тонна өнім алған болса, биылғы жылы 1022 гектардан 36 мың тонна өнім жинаған. Аталған дақылдың бағасы 240 теңгеге дейін саудаланды. Нәтижесінде шаруалар әрбір гектарынан 5-7 млн теңгеге дейін табыс тауып отырған.