27 центнерден «ақ алтын» жиналады

Қысқаша

27 центнерден «ақ алтын» жиналады

70748621_470869233466530_6890837618372640768_o.jpg


Жетісай ауданы да науқанға сақадай сай әзір. Мәселен Жаңа ауыл әкімшілігінің дихандары жиын-терімге 40 комбайн дайындап отыр.  Жалпы, Жаңа ауыл ауылдық округінде биыл 4677 гектар жерге шитті мақта егілсе, 1051 гектар жерге бақша, 220 гектар жерге жаңа жоңышқа, 300 гектар жерге ескі жоңышқа, 495 гектар жерге дәндік жүгері дәні себілген. Округ бойынша егілген бақшадан 27 111,2 тонна өнім алынса, мақта дақылынан гектарына 27 центнерден «ақ алтын» жиналады деген жоспар бар. 

Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияровтың айтуы бойынша өткен жылы округтегі мақталық алқаптың 72 пайыздан астамы комбайнмен терілген екен. Биыл бұл көрсеткішті 85 пайызға жеткізуге болады. Осы  мақсатта шаруаларымыз комбайндарын техникалық тексерулерден өткізіп, кейбіреулері жаңадан комбайндар сатып алып жатыр.

Жетісай аудандық әкімдігі науқан алдында шаруалардың басын қосып, семинар өткізген болатын. Ондағы мақсат - дайындық жұмыстарын пысықтау. Сондай-ақ, мақта қабылдау бекеттері мен мақта зауыттарындағы зертханалық жұмыстарды күшейту. Шарада мақта бағасының тұрақты әрі шаруаларға тиімді болуын қамтамасыз ету мәселесі, жиын-терім жұмыстарына қажетті техникалардың дайындығы, мақтаны қурату арқылы өнімді ертерек жинап алу төңірегінде әңгіме қозғалды.