Қарияларға құрмет көрсетілді

Қысқаша

​Волейболдан ардагерлер арасында тұңғыш рет жарыс басталды

1.10.jpg

Бүгін Халықаралық қарттар күніне орай, Таукентте Созақ ауданының Құрметті азаматы, аудан партия, кеңес салаларында қызмет атқарған, аудандық ардагерлер Кеңесін ұйымдастырып, оның бірінші төрағасы болған Мырзалиев Амангелдіні еске алуға арналған ардагерлер арасында волейболдан тұңғыш рет аудандық жарыс басталды. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Салыхан Полатов құттықтау сөз сөйлеп, ардагер спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, Амангелді Мырзалиевтің өмір жолына, аудан дамуына қосқан еңбегіне тоқталды. Ауданның әжелер ән айтып, жарыстың ашылуында өнерлерін көрсетті.
Жалпы жарысқа ауданның ауыл округ, кенттерінен 10 команда қатысуда.
Ал, Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Т.Әлімқұлов атындағы лицей-интернатының ұйымдастыруымен "1 қазан – халықаралық Қарттар күніне" орай, "Қарты бар елдің - қазынасы бар" тақырыбында жалғыз басты аналарымызға қолғабыс тобымен іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында аналарымызға үй жайларын жинау, аулаларын тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс -шара соңында аналарымызға естелікке сыйлықтар табыс етілді. Апаларымыз соңында өз баталарын беріп, алғыстарын білдірді. Қарияны құрметтеу, үлкенді сыйлау қазақ халқында бұрыннан бар дәстүр. Өмірінің жастық шақтарын еліміздің өркендеуі мен гүлденуіне арнап, маңдай терлерін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету – жастардың ең негізгі парызы мен міндеті деп білеміз. Жастар қол ұшын беруге әрдайым дайын.