121 жаңа түрғын үйдің құрылысы аяқталды

Қысқаша

​Созақ ауданында жергілікті тұрғындарды мемлекет тарапынан баспанамен қамту мәселесі шешімін тауып келеді.

Созақ ауданында жергілікті тұрғындарды мемлекет тарапынан баспанамен қамту мәселесі шешімін тауып келеді. Осы жылғы жеті айдың өзінде теріскейдегі ауданда жалпы алаңы 13 мың 551 шаршы метрді құрайтын 121 жаңа тұрғын үй тіркеуге алынды. Бұл туралы аудандық мәслихаттың кезекті 45-інші сессиясында айтылды.
– Жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеу бойынша алдағы уақытта дайындалатын жобалар үшін 13 сәулет-жоспарлау тапсырмалары дайындалды. Қазіргі таңда 28 нысанға жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. 22 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы сараптамадан өтті. 4 нысанның жобасы – Шу, Тасты және Жуантөбе ауылдарындағы 4 пәтерлі бір қабатты тұрғын үй, аудан әкімдігінің аппараты мемлекеттік мекемесінің әкімшілік-тұрмыстық ғимаратының қайта құрылымдау жұмыстары құрылысы сараптамадан өтуде. 2 нысанның, атап айтқанда «Біресек» каналының екінші кезеңінің құрылысы және «Астана» мөлтек ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жобасы дайындалуда. Бүгінгі күні С.Қожанов атындағы тарихи-аймақтық мұражай ғимаратының құрылысы басталды. 5 нысанға сәулет-жоспарлау тапсырмалары дайындалып жатыр. Аудан көлемінде 7 айдың қорытындысымен жалпы алаңы 13 мың 551 шаршы метрді құрайтын 121 жаңа тұрғын үй тіркеуге алынды. Былтырғы жылдың 7 айымен салыстырғанда 100,7 пайыз артық орындалды, – деді аудан бойынша атқарылған жұмыстардың жеті айлық қорытынды есебін баяндаған Созақ ауданы әкімінің орынбасары Бекзат Әлмағанбет.